ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында адамдардың суға батып кету оқиғалары жиілеп кетті. БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, кеше Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылында 2002 жылғы ер бала Сарыкөлге батып кеткен
Мұның алдында, яғни 25 мамыр күні Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында тұрған 1990 жылғы Т. деген әйел «тілсіз жаудың» құрбаны болды. Марқұм Қараөзеннен өтіп келе жатып, қолдан жасалған қайық аударылған кезде екі кішкентай баласын құтқарып, өзі суға тұншығып қалған.
Сонымен, өңірде мамыр айының өзінде 10 адам суға кетсе, соның алтауы - балалар. Өткен жылы осы мезгілде 8 адам (үшеуі - бала) көз жұмған еді. Қайғылы оқиғалардың басты себебі рұқсат етілмеген жерлерден суға түсу және балалардың бақылаусыз қалуы себеп болып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).