ОРАЛ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы негізгі қаржыға 166. млрд. теңге инвестиция қосылды.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының басым көпшілігі, атап айтқанда, 68,2 пайызы өнеркәсіп саласына жұмсалды. Сондай-ақ 9,9 пайызы - жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 6,1 пайызы - көлік және қоймалауға, 3,6 пайызы білім беру, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке бағытталды.
Өңірдегі инвестицияның қомақты бөлігі Бөрлі (67,1 млрд. теңге), Зеленов (41,5 млрд. теңге) аудандары мен Орал қаласының (36,6 млрд. теңге) үлесінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).