ОРАЛ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он бір айда 30,1 млн. тонна түрлі жүк тасымалданды, бұл өткен жылғыдан 13,6 пайызға көп.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде автомобиль көлігімен 30,0 млн. тонна жүк жеткізіліп, жүк айналымы көлемі 1889,0 млн. тонна/шақырымды құрады. Сондай-ақ өзен көлігімен 152,3 мың тонна жүк тасымалданып, жүк айналымы 705,0 мың тонна/шақырымға жетті. Жыл ішінде саяжайларға 37,7 мың адам жеткізілген, бұл 19,3 пайызға артық.
Жыл басынан бері 326,9 млн. жолаушы көздеген жеріне апарылды, бұл 35,0 пайызға жоғары. Жолаушы айналымы 23,6 пайызға өсіп, 5465,6 млн. жолаушы/шақырымды құрады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).