ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Елбасының «ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы» Жарлығына сәйкес 30 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының кадр комиссиясы «А» корпусының кадр резервіне орналасуға үміткерлермен әңгімелесу өткізді.
Комиссияның жұмыс органынан түскен мәліметке қарағанда, әңгімелесудің басты мақсаты үміткердің жеке басының қасиеттері мен басқарушылық қабілеттерін анықтау болып табылады. Әңгімелесуге 20 үміткер қатысты. Олардың арасында 7 аудан әкімі, облыстық тексеру комисиясының 2 мүшесі, әртүрлі деңгейдегі 8 мемлекеттік қызметші, 1 мәслихат хатшысы және мемлекеттік емес сектордан 2 үміткер болды.
Әңгімелесу қорытындысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға ұсыныс жасалды. «А» корпусының резервіне ұсыну жөніндегі шешім қабылдау ұлттық комиссия құзыретінде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).