ОРАЛ. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күніне орай жуырда ауыл шаруашылығы қызметкерлері бас қосып, оларды мерекемен облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен құттықтады.
Жиында аталып өтілгеніндей, өңірде ауыл шаруашылығы саласында да табыстар баршылық. Айталық, биылғы он бір айда 79,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Әсіресе, дәнді дақылдар өнімі өткен жылғыдан 1,5 есеге артты. Облыста мал басы да өсіп келеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілуде.
Мерекеге орай сала үздіктері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ 12 аудандық мәлдәрігерлік стансаға жаңа автокөліктер табыс етілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).