ОРАЛ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО аудандарында кеше және бүгін алғашқы ұйымдастыру сессиялары өтіп, мәслихат хатшылары сайланды.
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, Дәулетжан Жақсыбаев - Ақжайық, Ерболат Таңатов - Бөкей ордасы, Әділхан Күлекешев - Бөрлі, Закария Сисенғали - Жаңақала, Тахир Қадемов - Жәнібек, Рамазан Исмағұлов - Зеленов, Еркін Ғазизов - Қазталов, Батырғали Тойшыбаев - Қаратөбе, Әнуарбек Ғазизов - Сырым, Сансызбай Рахимов - Тасқала, Әлжан Нұрғалиев - Теректі, Мұрат Малтиев Шыңғырлау аудандық мәслихаты хатшысы болды. Бұлардың бірқатары осы лауазымдық қызметке алғаш рет кіріскелі отыр.
20 қаңтарда Мәлік Құлшар - облыстық, сенбі күні Абат Шыныбеков Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып сайланған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).