Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, көптеген соққы белгілері бар марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Осыған күдікті ретінде Х. есімді тұрғын анықталған. Ол да 1993 жылғы.
Ауылдастарының сөзіне қарағанда, екеуі бір сыныпта оқыған. Сол күні үйде жөндеу жұмыстары жасалып, спирттік ішімдік ішілген. Сол кезде керіс туындап, А-ның азаматтық некедегі әйелі марқұмның әкесін шақырған. Ол келіп айырып жіберіп, кетіп қалған. Содан кейін Х. қайтып келіп, өз ойындағысын жүзеге асырған.
Айта кетейік, марқұмның өзі мектепте әскери дайындық пәнінің мұғалімі болған. Ал әкесі Краснов ауылдық округінің (орталығы Погодаев) әкімі болып жұмыс жасайды.