ОРАЛ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда 37049,9 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілд, бұл өткен жылғыдан 4,6 пайызға артық.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, 9562,8 млн. теңге егін және 27214,2 млн. теңге мал шаруашылығы өнімдері шығарылды. Алдыңғысы өткен жылғыдан 29 пайызға өссе, мал өнімдері 1,3 пайызға кеміді.
Облыс шаруашылықтарында жыл басынан бері тірілей салмақпен алғанда 44,8 тонна мал мен құс еті (102,0 пайыз), 168,4 мың тонна сүт (94,7 пайыз), 93,8 млн. дана жұмыртқа (104,3 пайыз) өндірілді.
Өңірде қазіргі таңда 436,4 мың бас ірі қара (өткен жылғы 1 қыркүйекпен салыстырғанда 91,0 пайыз), 806,3 мың қой (100,8 пайыз), 212,6 мың ешкі (95,3 пайыз), 81,6 мың жылқы (112,0 пайыз), 3,6 мың бас түйе (97,1 пайыз), 27,0 мың шошқа (89,54 пайыз), 1039,7 мың құс (91,5 пайыз) ұсталып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).