БҚО-да айлық жалақы 106 мың теңгеден асты

ОРАЛ. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 106938 теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, айлық жалақы құрылыс саласында - 205,2 мың теңге (орташа облыстық көрсеткіштен 1,9 есеге артық), өнеркәсіпте - 184,1 мың теңге (1,7 есеге), көлік және қоймалауда - 179,2 мың теңге (1,7 есеге), ақпарат және байланыста  154,0 мың теңгені (1,4 есеге) құрады.

Ең төменгі еңбекақы өнер, ойын-саулық және демалыс саласында, мұнда орташа жалақы орта облыстық көрсеткіштің 48,1 %-ына тең.

Аудан-аймақтан ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында 220,8 мың теңгеге жетті, бұл облыс бойынша орташа деңгейден 2,1 есеге көп.