БҚО-да басшылық қызметтер атқарған азамат асылып өлді

ОРАЛ. 2 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 1 қараша күні Зеленов ауданына қарасты Дариян ауылындағы өз үйінің ауласында 1954 жылы туған Сергей Церковников асылып өлген.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі кезде Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізіп, оқиғаның себеп-салдарын анықтауда.

Сергей Николаевич Церковников облыста басшылық қызметтер атқарды, соның ішінде Теректі ауданының әкімі болды. Соңғы қызметі - БҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы.