ОРАЛ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында тағы бірнеше жоба мақұлданды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағыты - «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бойынша қос жоба қаралып, кеңес мүшелерінің батасын алды. «Дускалиева Асылганым Хасеновна» ЖК жобасының мақсаты - стоматологиялық кабинет ашу. Жоба «Ресей жинақбанкі» АҚ бөлімшесі арқылы жүзеге аспақ. «Резниченко Светлана Владимировна» ЖК жолаушылар көлігіне «Цеснабанк» АҚ арқылы қол жеткізбекші.
Өндірістік инфрақұрылымды дамыту бағытында «Park Hotel» ЖШС-ның (негізгі қызметі - мейманханалар, қоғамдық тамақтандыру, туризм) жобасы қолдау тапты. Бұлар «Демалыс және туризм базасы» жолына электр желісін жүргізіп, жарықтандырмақшы, сондай-ақ база ғимаратын сумен қамтымақ.
Бағдарлама қолға алынғаннан бері БҚО бойынша үйлестіру кеңесі бірінші және үшінші бағыттар бойынша 47 жобаны жөн деп тапса, соның 33-іне демеуқаржы бөлу жөнінде келісім жасалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).