ОРАЛ. 15 тамыз. ҚазАқпарат - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында БҚО-да шағын және орта бизнес нысандарының жалпы сомасы 12 млрд. теңге тұратын 105 жобасы мақұлданды.
Оның ішінде үш жоба БҚО аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қаралып, бекітілді.
«Исаев» ЖК Орал қаласында нан өнімдерін шығарып, сатумен айналысады. Нан өнімдерін тарату мақсатында көлік алу үшін үшін, сондай-ақ пірәндік пен печенье өндірісі үшін қондырғылар алуға банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесіне демеуқаржылық көмек алады. Тағы бір мақұлданған жоба -«Щапов» шаруа қожалығының жобасы. Ол жабық түрде жылына 12 мың бас шошқа өсіретін кешен құрылысын салуға бағытталған. Ал «Жайык Hyundai Motors» ЖШС мемлекеттік бағдарлама аясында жүк көліктері мен арнайы техникаларды әкелуді жоспарлауда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).