ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 1-10 қараша күндері өткізілген «Браконьер» жедел алдын алу шарасы кезінде 146 заңбұзушылық тіркелді.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде ағаш пен бұталарды 9 заңсыз кесу, 75 заңсыз аң аулау, 70 су жануарларын заңсыз аулау мен балық шаруашылығы ережесін бұзу, 88 аңшылық қаруды заңсыз алып жүру кездесті. 229 балық және аң аулаушылар тексерілді. Барлығы 242 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, соның 24-іне қатысты сотқа жіберу үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Өкілді органдар 506520 теңге айыппұл салды. Бір экологиялық қылмыс ашылды. Кеше Теректі ауданы аумағында заңсыз елік атқан Зеленов ауданының 1970 жылғы К. деген тұрғыны ұсталды.
Браконьерлікпен күрес одан әрі жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).