ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына орай жас мамандар ауылдарға орналасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биыл Шыңғырлау ауданына дипломды 37 жас маман келсе, соның 29-ы - білім, үшеуі - мәдениет, алтауы денсаулық сақтау саласына қызметке кірді. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мәліметіне сәйкес бағдарлама аясында биылғы жылдың өзінде ауылдарға бет алған 20 жас маманға көтерме жәрдемақыға 1млн. 978 мың, тұрғын үй сатып алатын несиеге 17 млн. 804 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 5 мұғалім және 1 мәдени жас маман жалпы есебі 593,4 мың теңге тиісті көтерме жәрдемақысын алып отыр. Сондай-ақ 4 жас маманға 2 млн. 973 мың теңге тұрғын үй сатып алуға несие берілді. Биылға белгіленген тиісті жәрдемақылыр жыл аяғына дейін берілетін болады. Ал 37 маманның қалған 17-сі көтерме жәрдемақылары мен несиелік жәрдемді алдағы 2011 жылдың қаңтарынан бастап алады.
2009 жылы ауданға 51 маман келіп, олардың 42-сі білім саласына, жетеуі денсаулық сақтау, екеуі мәдениет бөліміне орналасып, бағдарламаға сәйкес 4,66 млн. теңге жұмсалған еді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).