ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың алғашқы күндері Батыс Қазақстан облысында екі бірдей қайғылы оқиға орын алды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 3 қаңтардан 4-іне қараған түні Орал қаласында 1 жас 11 айдағы бала тұншығып өлген. Оны анасы ата-әжесіне қалдырып кеткенде, бала қараусыз қалған. Сол сияқты осындай қамсыздықтың кесірінен Зеленов ауданы Үлкен Шаған ауылында 2 қаңтар күні екі айлық сәби көпшікке тұншығып, көз жұмған.
Жедел жәрдем жеткенше, балалар марқұм болып кеткен. Бұлардың екеуі де қолайсыз отбасыларда өсіп келе жатқан. Яғни ата-аналары, басқа да отбасы мүшелері арақ ішіп, сәбилерді қараусыз қалдырған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).