АЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы ұйымшылдықпен тойланатын болады. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының алқа мәжілісінде айтылды.
Басқарма бастығы Тілекқабыл Имашев жүргізіп отырған отырыста Оралдың тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесіне әзірлігі туралы қала әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев баяндап берді.
Басқарма бастығының орынбасары Мұратқали Төрегелдиевтің атап өткеніндей, мерейтойға байланысты жоспарланған түрлі қоғамдық-саяси, ғылыми-танымдық, мәдени-спорттық шаралар жоғары дәрежеде өтуі тиіс. Оған мәдениет үйлері, кітапханалар, білім мекемелері, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық және еңбек ұжымдары белсене атсалысатын болады. 26 қарашадан 16 желтоқсанға дейін жиырма жұлдызды күнде шаралар облыс, аудан орталықтарында, әр елді мекенде өтеді.
Отырыста сондай-ақ мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен байланысы, діни экстремизмнің алдын алу, жастар саясаты мәселелері талқыланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).