БҚО-да ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында - 182,1 мың теңге

ОРАЛ. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы - 88131 теңге.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары жалақы өнеркәсіпте - 157,0 мың теңге (облыстық көрсеткіштен 1,8 есеге көп), құрылыста - 132,4 мың теңге (1,5 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде - 122,4 мың теңге (1,4 есе), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 113,4 мың теңге (1,3 есе), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 110,3 мың теңге (1,3 есе), көлік және қоймалауда - 99,4 мың теңге (1,1 есе).

Ең төменгі еңбекақы бұрынғысынша ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында сақталып отыр, мұндағы орташа жалақы облыстық көрсеткіштің 45,8 пайызымен бірдей.

Аумақтық жағынан алғанда, облыстағы ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында - 182,1 мың теңге, бұл облыстық деңгейден 2,1 есеге артық.