ОРАЛ. 2 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 2 тамыз күні облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен еңбек ардагері Сағын Сапаров пен Орал қалалық «Пульс города» газетінің бас редакторы Федор Поповты қабылдап, құрмет көрсетті.
Облыс аудандарында басшылық қызметтер атқарған Сағын Сапаров 75 жасқа толып отырса, алпыстың биігіне шыққан Федор Попов журналистика саласында қызмет етіп келеді. Кезінде облыстық «Приуралье» газетінде еңбек еткен Ф.Попов соңғы жылдары қалалық газетке жетекшілік етуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).