БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы Азамат Айтуевтің айтуынша, соның 43-інде (өткен жылы осы мерзімде - 53) қызметкерлер ауыр, 51-і жеңіл және орта дәрежедегі жарақат алса, 8 адам (11) қаза тапты. Бірнеше адам зардап шеккен 8 (4) оқыс оқиға тіркелді.
Жалпы, оқыс оқиғалар салдарынан зардап шеккендер саны 94-ке (59) жетсе, соның 72-сі (32) еңбек қызметімен байланысты. Соның салдарынан 19 (11) адам көз жұмса, осының 8-і (5) еңбек қызметіне қатысты. Барлығы 50 қызметкер (47) ауыр жарақат алса, соның 43-і (20) еңбек қызметімен байланысты.
Оқыс оқиғалардың 52 пайызы жұмыс берушілердің, 36 пайызы қызметкердің кінәсінен орын алған, 12 пайызында екі тараптың да кінәсі бар.
Бақытсыздыққа соқтырған оқиғалар негізінен бюджеттік ұйымдарда (22 адам - 30 пайыз, 2015 жылғы осы мерзімде 9 адам - 28 пайыз), құрылыста (9 адам - 12,5 пайыз, 16 адам - 31 пайыз), шағын бизнес нысандарында (5 адам - 7 пайыз, 4 адам - 12 пайыз), экономиканың басқа салаларында (10 адам - 13 пайыз, 9 адам - 28 пайыз) болған.
Мұның негізгі себептері еңбек қауіпсіздігін сақтамау (52 пайыз) және жұмысты дұрыс ұйымдастырмау мен қорғаныс құралдарының жоқтығы (36 пайыз) болып отыр.
«Еңбек қауіпсіздігін сақтамауға қатысты 21 (29) ұйғарым беріліп, 27 жұмыс берушіге 1,421 млн. теңге айыппұл салынды. Жыл басынан бері процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына 75 материал беріліп, сол бойынша 28 қылмыстық іс қозғалып, 47-сі қысқартылды»,- деді А.Айтуев.