АЛ. 13 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Халықтың дауысы» іс-шарасына сәйкес ұсыныс-пікірлер жинақталуда.
«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбековтің хабарлағанындай, халық көп жиналатын қоғамдық орындарда, теміржол мен автобекет, сауда орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылды. Мәселен, қаланың жиырма жерінде, барлық аудан және ауылдық округтер орталықтарында осындай жәшіктер қойылды. Ертең қалада «Әлім» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ бастауыш партия ұйымдары жиналыстарында, сондай-ақ ішкі әскерлер үшін қойылатын концертте сауалнамалар таратылады.
Шараны өткізудегі басты мақсат - Елбасы жүргізіп отырған саясатқа, партия атқарып отырған істерге байланысты халықтың ұсыныс-тілегін білу. Екіншіден, кері байланыс орнату арқылы партияның ел ішінде беделін арттыра түсу.
Бұдан бұрын «Отандастар» іс-шарасы кезінде еліміз бойынша 2 млн. астам ұсыныс-тілек жинақталған болатын. Азаматтар тілегі «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарламасында көрініс тауып, бірқатары жүзеге асып та үлгерді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).