ОРАЛ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да қараша айының екінші және үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болмақ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағанындай, «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес осы аралықта тұман, көктайғақ болып, қатты жел тұрады. Қарашада орташа ауа температурасы 0°С пен минус 5°С аралығында болмақ. 11-17 қараша күндері ауа райы жылынып, түнде 2°С мен -3°С, күндіз 2°С пен 7°С аралығында болуы ықтимал. 18-20 қарашада күн суытып, күндіз 2°С пен -3°С, түнде -3°С-тен -8°С-қа дейін төмендейді. 21-24 қарашада күндіз -7°С, кей жерлерде -12°С, түнде -13°С-тан -18°С-қа дейін суытады. 25-30 қарашада күндіз -2°С пен 3°С, түнде -3°С пен -13°С аралығында болмақ.
Ылғал мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде. 15-20 қараша аралығында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Ал үшінші онкүндіктің басында солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).