БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, А.А.Шыныбеков 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, 1995 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығын механизациялау», 1998 жылы Батыс Қазақстан «Еуразия» тілдер және менеджмент институтын «Экономика - менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.
А.Шыныбеков 1996-2003 жылдары түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметте жұмыс жасады.
2003-2006 жылдары Казталов ауданы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Орал қаласы әкімінің кеңесшісі, 2008-2012 жылдары «Нұр Отан» БҚОФ төрағасының орынбасары, 2012-2013 жылдары Орал қалалық мәслихатының хатшысы қызметтерінде болды. 2013 жылдан бері Сырым ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.
Өңір басшысы жаңа әкімге Елбасының өңірлерді дамыту туралы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын жіті қадағалап, басталған жұмыстарды уақтылы да сапалы тындыруды тапсырды. Мысалы, биыл аудан орталығы Қазталов ауылында 24 үй салынады. Ал аудан бойынша 13 елді мекенге таза ауыз су құбыры тартылады. Чапаев-Жалпақтал-Қазталов жолының 13 шақырымын салуға 1,7 млрд. теңге бөлінген. Бұған қоса ауылішілік жолдарға асфальт төселеді. 13 елді мекенге газ жеткізіледі. Осы жұмыстардың барлығына ауданға 3,5 млрд. теңге қаралды.