ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 5-25 қазан аралығында өтіп жатқан «Браконьер» жедел алдын алу шарасы барысында алғашқы 15 күнде 175 табиғат заңдылығын бұзушылық анықталды.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, соның 10-ы бойынша қылмыстық, 165-і бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мысалы, Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері ҚР АШМ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі комитеті аумақтық инспекциясы және «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторларымен бірлесе отырып, аудан аумағындағы Елқонды елді мекенінде «ISUZU» автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде 50 дана киік мүйізі табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша Жамбыл облысының 4 және Алматы облысының бір тұрғыны ұсталды. Осыған орай ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар Орал қаласында, Ақжайық, Шыңғырлау, Тасқала, Қаратөбе аудандарында заңсыз ағаш кесу деректері анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).