ОРАЛ. ҚазАқпарат - 16 қараша күні сағат 17.00 шамасында «КамАЗ 65115» автокөлігінің жүргізушісі Орал-Кирсанов жолының 39-шы шақырымында көктайғақтың салдарынан тіркемесінің қарсы бетке шығып кетуіне жол беріп, соның салдарынан қарсы келе жатқан «КамАЗ 54115» автокөлігімен түйіскен.
БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апаты салдарынан көптеген жарақат алған «КамАЗ 54115» автокөлігінің жүргізушісі Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабы (жол ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).