ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 7 желтоқсаннан 8-іне қараған түні Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, алдағы түнде Оралда 23-25 градус аяз болмақ.
Осыған байланысты ТЖ департаменті тағы да ескерту жариялап, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында шұғыл шаралар алынып жатқандығын хабарлады.
Айта кетейік, өңірде соңғы күндері ауа райы тұрақсыз болып тұр. Кеше бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-батыстан қатты жел тұрып, ой-шұңқырды қармен бітеп тастаған болатын. Бұл жөнінде ТЖ департаменті 5 желтоқсан күні ескерткен еді. Бүгін де кей жерлерде боран соғып тұрғаны жөнінде тұрғындар хабарлауда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).