ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - 5 қараша күні «Ақсай» бақылау-өткізу бөлімшесінде сержант Бекқали Матаев жалған құжатпен шекара аспақшы болған үш КамАЗ автокөлігін тоқтатты.
ҚР ҰҚК шекара қызметі 2029-әскери бөлімінің командирі, подполковник С.Шұбаевтың хабарлағанындай, құны шамамен 6463500 теңгені құрайтын 40,9 тонна қара металл тиелген үш автокөліктің жүргізушілері қазақстандық азаматтар болып шықты. Олар ҚР ҚК 183-бабы 2-бөлімі бойынша жауапқа тартылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).