Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспаөз қызметі таратып отыр.
Дауыл Күшім ауылында 124 тұрғын үйдің, 2 дүкеннің, 2 білім беру, 2 денсаулық сақтау нысанының және «Казпошта» АҚ ғимаратының шатырын қиратып кетті.
Владимировка ауылында 13 тұрғын үй мен бастауыш мектептің шатыры бүлінді.
Скворкино ауылында электр желісі зақымданып, ағаштар құлады.
Теректі ауданында, Абай ауылында 123 тұрғын үйдің шатыры жұлынып, электр тарату желілері мен газ құбыры зақымданды.
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Төтенше жағдай орын алған аймқта аудандық комиссия құрылды.