ОРАЛ. 6 сәуір. ҚазАқпарат - 4 сәуірден 5-іне қараған түні Орал қаласындағы Тайманов көшесі және қала маңында орналасқан Мичурин ауылынан «ИЖ-2715» және «ВАЗ-Ока» көліктерін белгісіз біреулер заңсыз айдап кеткен.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, екінші оқиға орнынан Зеленов аудандық ішкі істер бөлімі Приурал полиция бөлімі криминалистерінің көмегімен қолдың саусақ іздері арқылы күдікті анықталды. Орал қалалық ішкі істер басқармасының патрульдік полиция батальоны, ЖПБ-ның жедел іздестіру бөлімі және Приурал Пб-нің қызметкерлері облыс орталығының 18 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Күдіктінің бұрын ұялы телефон тонау фактісі бойынша шартты түрде сотталғандығы анықталды. Сондай-ақ ұсталған азаматтың сол күні түнде қаладағы дүңгіршектердің біріне терезесін сындыру арқылы кіріп, ұрлыққа түскені белгілі болды.
Күдіктінің ішкі істер органдарында есепте тұратын сыбайласына іздеу жарияланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).