«Сырым аудандық «Балалар музыка мектебіне» Амангелді Ғұбайдуллиннің, Орал қаласындағы №46 орта мектебіне Бауыржан Момышұлының, №47 мектебіне Қадыр Мырза Әлінің, Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне Асқар Шайхиевтің, Қаратөбе аудандық мәдениет үйіне Ғарифолла Құрманғалиевтің, Қаратөбе аудандық мектеп-гимназиясына Қажым Жұмалиевтің есімі берілсін», - делінген қаулыда .
Айта кетейік, апта басында елорда көшелеріне Шерхан Мұртаза, Құман Тастанбеков пен Ақселеу Сейдімбектің есімі берілетіні туралы хабарлаған едік .