БҚО-да мемлекетке 11,7 млн. теңге залал келтірген аудандық құрылыс бөлімі бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекетке 11,7 млн. теңге залал келтірген Бөкей ордасы аудандық құрылыс бөлімі бастығының міндетін атқарушы С.Айтжановқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, С.Айтжанов 2008 жылғы қазанда «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Бөкей ордасының орталығы Сайхын ауылында 600 орындық орта мектеп құрылысы барысында мердігердің жобалау-сметалық құжаттаманы бұза отырып, ағаш еден орнына линолеум төсенішін салғанын анық біле тұра, орындалған жұмыс актілеріне қолын қойған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жіберілді.