АЛ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысында оралмандар мәселелерімен айналысатын арнайы жұмыс тобы құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы негізінде құрылған жұмыс тобына облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен жетекшілік жасайды.
«БҚО оралмандары» қоғамдық бірлестігінің басшысы Ахметзада Жәңгірдің айтуынша, мұндай жұмыс тобының оралмандар мәселесін шешуде маңызы зор. Өйткені елге келген ағайынның баспана, жер алу, жұмыс табуға байланысты қиналып қалатыны жасырын емес. Мәселен, аталмыш бірлестік құрамында 1,5 мың адам болса, соның жиырма пайыздайы - жұмыссыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).