ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 434 сыбайлас жемқорлық және экономикалық сипаттағы қылмыс ашылды, бұл алдыңғы жылғыдан (723) едәуір аз.
БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде өткізілген баспасөз мәслихатында аталып өтілгеніндей, қаржы полициясы негізінен қоғамдық пікір туғызатын ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашуға бағыт ұстады. Яғни саннан гөрі сапаға көшті. Мұндай бағыт биыл да ұсталмақ.
Биыл жыл басынан бері 31 қылмыстық іс қозғалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).