ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Зеленов аудандық №2 сотының төрағасы Бақытжан Сатыбалдиев пара алды деген күдікпен ұсталды.
Құқық қорғау органдарынан түскен мәліметке қарағанда, ол 18 ақпан күні сағат 14.45-те «Ғиният Құрылыс» ЖШС басшысынан 200 мың теңге көлемінде пара алу үстінде қаржы полициясы қызметкерлерінің қолына түскен.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда. БҚО судьялары арасында бұл пара алу оқиғасы бірінші рет болып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).