БҚО-да «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бір жылда сегіз денсаулық сақтау нысаны іске қосылды

ОРАЛ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2013 жылы республикалық бюджет есебінен сегіз денсаулық сақтау нысаны іске қосылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 1,9 млрд. теңгеге үш емхана, 566,6 млн. теңгеге бес дәрігерлік амбулатория бой көтерді. Сондай-ақ Орал қалалық көпбейінді ауруханасы құрылысын жалғастыруға 1450,0 млн. теңге бөлінді, бұл қаржы да толық игерілді. Құрылысы 2012 жылы басталған аталмыш аурухана 2015 жылы пайдалануға берілмек.

Сонымен қатар ел қазынасы есебінен 245,2 млн. теңгеге 9 нысан күрделі жөндеуден өткізілді.