БҚО-да шаңғы туризмі техникасынан жарыс өткізілді

ОРАЛ. 16 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО білім басқармасы мен облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы Орал өңіріндегі спорттық бағдарлау жылы аясында білім беру қызметкерлері арасында шаңғы туризмі техникасынан жарыс өткізді.

Үш күнге созылған жарыс барысында облыс аудандары мен Орал қаласынан келген командалар «қысқы спорттық бағдарлау» және «кросс-жорықтан» сынға түсті. Сондай-ақ көркемөнерпаздар мен «Бутербродтар» байқауынан да өз бақтарын сынады.

Сайыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте Орал қаласы өкілдері жеңімпаз атанса, Сырым ауданы - екінші, Ақжайық үшінші орынды иеленді.