ОРАЛ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда техникалық қамту және автомобиль жөндеуде 346,8 млн. теңгенің қызметі көрсетілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 27,8 пайызға артық. Жыл басынан бері орта кәсіпорындар 37,0 млн. теңгенің (10,7 %), шағындары - 112,4 млн. теңгенің (32,4 %), жеке кәсіпкерлер 197,4 млн. теңгенің (56,9 %) қызметін көрсетті. Барлық жөндеу қызметінің көлемі мемлекеттік емес саланың үлесінде, соның ішінде 56,9 %-ы азаматтардың меншігінде.
Жөндеу қызметінің қомақты көлемі Орал қаласы (80,4 %), Бөрлі (5,6 %) және Зеленов (5,2 %) аудандарының кәсіпорындарымен көрсетілген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).