ОРАЛ. 7 қазан. ҚазАқпарат - Сырым ауданы прокуратурасы жалақы төлеу кезінде мүгедектер құқығы бұзылғандығын анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 156-бабына сәйкес I, II, III топ мүгедектерінің жалақысына салық салынбауы тиіс. Ал аталған ауданда білім бөлімі, аудандық орталық аурухана, ауыл әкімі аппараты, демалыс орталығында жұмыс жасайтын 9 мүгедек адамның жалақысынан 667438 теңге мөлшерінде табыс салығы ұсталған.
Прокурордың ұсынысы бойынша мүгедектік тағайындалған уақыттан бастап соңғы үш жылда ұсталған ақшалай қаражат мүгедектігі бар қызметкерлерге толық көлемде төленді.
Осылайша 9 мүгедектің құқығы қорғалды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).