БҚО-да тұрғындардың тұтыну сұранысы жоғарылап, бөлшек сауда айналымы 24,2 пайызға артып отыр

ОРАЛ. 24 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың тұрмыс жағдайы жақсаруына байланысты тұтыну сұранысы жоғарылап, бөлшек сауда айналымы биылғы тоғыз айда 122,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда, өсім 24,2 пайызды құрады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, бұл - республикадағы үшінші көрсеткіш.

Облыстық статистика департаментінен алынған мәліметке қарағанда, жыл басынан бері соның ішінде сауда кәсіпорындары 53,6 млрд. теңге, базарлардағы сатушылар мен сауда нысандары бар жеке кәсіпкерлер 69,1 млрд. теңгенің бөлшек тауарын өткізді.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түліктік емес тауарлар басым (61,5 пайыз).