БҚО-да үш күнде 34 мас жүргізуші ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - 19-22 маусым аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» республикалық алдын алу шарасы барысында Батыс Қазақстан облысында үш күнде 1205 жол ережесін бұзушылық тіркелді.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде спирттік ішімдік ішкен және есірткіге елтіген күйінде 34 адам ұсталды. Сондай-ақ 26 адам көлік басқару құқығынсыз айдаған. 128 жүргізуші көлік жылдамдығын шектен тыс арттырғаны үшін тоқтатылса, 89 адам жаяу жүргінші өтуге болмайтын жерден өткені үшін қолға түсті.