ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес 6 желтоқсан күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Орал қаласында да қар жауып, бұрқасын болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшеймек.
Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Облыста төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында тиісті күш-құралдар дайындыққа келтірілді. Тұрғындар арасында оқыс оқиғаға жол бермеу, өмірлік маңызы бар нысандардың, электр желілері мен байланыс құралдарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін шаралар қолға алынуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).