БҚО даласындағы өрт 3 мың гектар алқапты шарпыды, зардап шегуші бар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - БҚО даласындағы өрт 3 мың гектар алқапты шарпыды, зардап шегуші бар, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Сенбі күні, 11 тамызда Батыс Қазақстан облысының Мереке ауылдық округі аумағында дала өрті сөндірілді. 10 тамызда басталған өрт 3 мың гектар алқапты отап кетті. Төтенше жағдай салдарынан 1976 жылы туылған ер адам күйікке шалынып, ауруханаға жеткізілді.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінің 38 адамнан құралған жеке құрамы және 3 бірлік  техникасы; Мереке ауылдық округі ерікті өрт сөндіру құрылымының 120 адамы мен 4 бірлік техникасы тартылды.