ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының халқы 627,4 мың адамға жетті.
БҚО статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның 310,2 мыңы немесе 49,4 пайызы қала, 317,2 мыңы немесе 50,6 пайызы ауыл тұрғындары болып отыр.
Жыл басынан бері облыс халқы 3411 адамға, соның ішінде қалалықтар 3186, ауылдықтар 225 адамға көбейді.
Өңірде дүниеге келген сәбилер саны өссе, марқұм болғандар кеміп отыр. Атап айтқанда, биылғы жеті айда 7478 нәресте өмір есігін ашты, бұл өткен жылғыдан 3,4 пайызға артық. Осы мерзімде 3224 адам өмірден өтті, бұл өткен жылғыдан 9,8 пайызға аз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).