БҚО ішкі істер департаментінде ашық есік күні өткізілді

ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінде полиция жұмысы туралы тұрғындардың оң пікірін қалыптастыру, жастардың ішкі істер қызметіне қызығушылығын арттыру мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Департаменттің баспасөз қызметінен Гүлшат Молдағалиеваның хабарлағанындай, аталған шараға Орал қаласындағы экономика және ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері қатысты. Департаменттің жедел басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Игорь Гуртовой аталмыш орталықтың жұмысы, мақсат-міндеті жөнінде әңгімелеп берді. Орталық қызметі бейнеролик арқылы да көрсетілді. Ал департамент музейімен кадр жұмысы басқармасының инспекторы Рита Кәкімжанова таныстырды.

Мұндай ашық есік күндері бұдан былай да өткізілмек.