ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі спартакиада мәреге жетті.
Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту ұдайы назарда. Қазақстан «Мәңгілік елге» айналу үшін оның барша тұрғындары спортпен де достасып, дендері сау, мықты болуы қажет. Бұл істе ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер үлгі көрсетуі тиіс.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бірнеше күнге созылған жарысқа 19 команда құрамында 950 адам қатысты. Олар волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру, армрестлинг, жеңіл атлетика, шахмат, жүзу, барлығы тоғыз спорт түрінен сынға түсті.
Жалпыкомандалық есепте Қазталов ауданы жеңімпаз атанса, сырымдықтар - екінші, облыс әкімдігі үшінші орынды еншіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).