БҚО-ның Ақжайық ауданында жаңа орта мектептің құрылысы басталды

АЛ. 3 тамыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақжайық ауданының Ақсуат ауылында С.Ошанов атындағы жаңа орта мектептің бейнелік қадасы салтанатты жағдайда қағылды.

230 оқушыға арналған оқу ордасы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясының 3 млн. доллар қаржысына бой көтермек. Аталмыш компания әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ауданның Сайқұдық ауылында да орта мектептің құрылысын қаржыландыратын болады.

Құрылыстың басталуына арналған митингіде жиналғандарды аудандық мәслихаттың хатшысы Дәулетжан Жақсыбаев, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» компаниясының бөлім бастығы Жәнібек Ғалиев, «Болашақ» ЖШС директоры Қайдар Қосжанов құттықтады.

«Болашақ» ЖШС құрылысшылары мектеп ғимаратын алты айда салып бітіруді көздеп отыр.