БҚО-ның Тайпақ ауылында із-түзсіз жоғалып кеткен балдырған іздестірілуде

ОРАЛ. 5 маусым. ҚазАқпарат - 2 маусым күні Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында биыл бірінші сыныпты бітірген бала із-түзсіз жоғалып кетті.

Баланың қысқа шалбары аталмыш ауылға жақын орналасқан Жайық өзенінің жағасынан табылды. Бала суға кетті деген жорамал болғандықтан оның денесін іздестіруге Орал қаласынан сүңгуірлер шақырылды. Бірақ балдырған басқа оқиғаға ұрынуы да ықтимал.

Облыстық суда құтқару қызметінің басшысы Бисенбай Жексеновтің айтуынша, іздестіру жұмыстарынан әзірге нәтиже жоқ.