ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО прокуратурасы Ұлттық қор қаржысын орнымен пайдаланбаудың қос бірдей дерегін анықтады.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сүт өнімдерін және бетон бұйымдарын шығарумен айналысатын екі кәсіпорын айналым қаржысын толықтыруға екінші деңгейлі банктерден 64,1 млн. теңге несие алған. Алынған қаржының «заңды игерілгендігін» көрсету мақсатында аталған компаниялар өнім шығару үшін шикізат жеткізуге олармен аффилирлендірілген тұлғалармен 13,9 млн. теңгеге келісімшарт жасасқан. Жүргізілген талдау бұл тұлғалардың материалдық-техникалық ресурстары болмағандықтан, шикізат жеткізуге мүмкіндіктері жоқ екендігін көрсетті.
Облыс прокуратурасының тапсырмасына сәйкес «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ негізсіз алынған қарыз қаражатын қайтару жөнінде шаралар алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).