ОРАЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Жалғас Оңайбайұлы Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
3 шілдеде өңір басшысы Нұрлан Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ж.О.Мырзағалиев 1977 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1999 жылы Атырау мемлекеттік мұнай және газ институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
1999-2001 жылдар кезеңінде Атырау облысы, Жылыой ауданы «Қарашүңгіл» ЖШС №3 учаскесінде құрылыс шебері болып жұмыс істеді.
2001-2004 жылдарда - Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы «АГС-ПЛАСТ» ЖШС бөлім инженері, прорабы.
2004-2006 жылдарда - «Атыраугорстрой» ЖШС прорабы.
2006-2011 жылдары - «Каспий Құрылыс ЛТД» ЖШС директоры.
2011-2012 жылдары - Орал қаласы құрылыс бөлімі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, бастығының орынбасары.
2012 жылы - Бөрлі ауданы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары.
2012 жылдың қыркүйегінен осы кезге дейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).