ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сайлау еліміздегі маңызды оқиға болғандықтан, оған қатысу - парыз.
Бұл пікірін М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Динара Мергенева білдірді.
Оның айтуынша, сайлауға қатыса отырып, әркім халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған сайлауалды бағдарламасына, азаматтық ұстанымы мен бедел-бейнесіне қарай өз қалаулысын таңдайды.
«Мен достарыммен бірге сайлауға белсене қатысамын. Өйткені бұл еліміздің болашағы үшін маңызды. Біз дауыс бере отырып, ел келешегінің негізін қалаймыз. Сондықтан бұл азаматтық парызымыз екенін жақсы түсінеміз», - деді Д.Мергенева.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).