ОРАЛ. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Махамбет ауылының 39 жастағы тұрғыны Б.М. 19 қазан күні өз үйінің сарайында асылып қалды.
Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға сағат 14.00 шамасында орын алған. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның себеп-салдары анықталуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).